Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:51, 29 Маусым 2020

Тоқаев Мемлекеттік комиссияға қатаң карантинге оралу туралы ұсыныстар енгізуді тапсырды

ҚазақстанПрезиденті Үкімет мүшелерімен, бірнеше мемлекеттік органдардың басшыларымен,қалалар мен аудандардың әкімдерімен бейнеконференция арқылы кеңес өткізді,-депхабарлайды «Жас Алаш» Ақордағасілтеме жасай отырып.

 Өзсөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев уақтылы қатаң карантин  шараларыныңенгізілуі індет шыңын кешіктіруге мүмкіндік бергенін, бірақ,өкінішке қарай, төтенше жағдай режимінен шыққаннан кейін бірден барлық карантиндікшаралар әлсіреп кеткенін алға тартты. 

  — Үстіміздегі жылдың 11 мамырында шектеулер алыныптасталғалы бері, індеттің таралуы 7 есе өсті. Бұл көбінесе бірқатармемлекеттік органдардың жұмысындағы кемшіліктерге байланысты. Айта кету керек,орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқару жүйесі төтенше жағдайдантыс тиімді жұмыс істеуге дайын емес. Ведомствоаралық комиссия өзіне жүктелгенміндеттерді шеше алмады. Мұны мойындау керек,-деді Президент.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев: 

 - Пандемияменкүрес жөніндегі барлық шешімдер бақылауда болуы керек. Премьер-Министрдің басшылығымен тиістіМемлекеттік комиссияның аясында бірлесе отырып  жағымсыз әлеуметтік-экономикалықәсерлерді жоюды тапсырамын. Елдегі эпидемиологиялықжағдайды тұрақтандырып шұғыл шараларды қабылдау үшін мен Мемлекеттіккомиссияға үстіміздегі жылдың наурыз-мамыр айларында күшіне енгенге ұқсас екікүн ішінде қатаң карантин енгізу туралы ұсыныс жасап маған тапсыруды міндеттеймін, — деді. 

Тегтер: