09:17, 27 Наурыз 2023
Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясын шақырды
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, — деп хабарлайды Жас Алаш Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев „Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму“ атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы 2023 жылы 26-27 сәуір күндері Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді», — делінген хабарламада.