Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:40, 07 Желтоқсан 2021

Тоқаев рақымшылық туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, — деп хабарлайды  «Жас Алаш» Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы „Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы“ Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.

Алдын ала деректер бойынша, рақымшылыққа 2 236 сотталушы және пробация қызметі есебінде тұрған 11 310 адам түседі.

Біріншіден, 1 000-ға жуық адам босатылып, 3,8 мың адам пробация қызметі есебінен шығарылады.

Екіншіден, өтелмеген жаза мерзімін қысқарту 1 294 сотталушыға және пробация қызметі есебінде тұрған адамға қолданылады.

Үшіншіден, соталды өндірістегі 5 000 қылмыстық іс қысқартылып, оның ішінде 1 674-тен аса тұлға қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

1 471 адамға қатысты жазаны қысқарту немесе босату туралы ережелер қолданылады. Қылмыстық кодекстің 78-бабына сәйкес, аса

Тегтер: