Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:46, 28 Қараша 2022

Тоқаев ресми сапармен Ресейге барды

None
None

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Жас Алаш Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы ертең Мәскеуде Ресей Президентімен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ екі елдің басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Мәскеудегі «Внуково-2» әуежайында ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ресей мен Францияға баратыны туралы айтылған болатын.

Тегтер: