Тоқаев сенатты тарата ма?

Алдағы сәрсенбіде сенат депутаттарының сайлауы өтпек. Әрине, бәрі емес, тек қазан айында 17 сенатордың парламенттегі өкілеттігі бітпек, солардың орнына жаңа депутаттар сайлануы тиіс.
Сайлау деп дүрлігіп жүргеніміз осы. Тіпті оларды халық емес, мәслихат депутаттары таңдап, сайлайды. Демек,«бармақ басты, көз қыстымен» біраз адам парламентке барыпқалары хақ. Қаржы жағын тілге тиек етсек, сайлауға 254,5 миллион теңге бөлінген. Соның ішінде сенат депутаттығына кандидаттарға 450 мың теңге белгіленген. Жөн-ақ. Айтқымызкелгені бұл емес.
Мәселенің негізі – қоғамда «осы сенат қажет пе, жоқ па» деген әңгімеге назараудару. Көпшілік «90-жылдардың басындағы бір палаталы парламент қазіргі қос палаталыға қарағанда әлдеқайда өнімді де тиімді жұмыс істеді. Сол жүйеге қайтадан көшкен жөн. Сенат депутаттарын ұстау артық шығын, біз федералды мемлекет емеспіз, унитарлы мемлекетпіз. Бізге парламенттің қос палаталы болуы міндет емес» дегенді алғатартады. Белгілі саясаттанушы Дос Көшімнің айтқаны да соған саяды. «Әрине, бұл құрылым билікке, оның ішінде президентке керекекенінде талас жоқ. Біріншіден, қызметтен уақытша кеткен ірі лауазымдықызметкерлер кенеттен биліктің сыншысына айналмау үшін жоғарғы деңгейдегі«уақытша қамау изоляторы» жасақталды. Екіншіден, мәжілістен түскен заңдардыңішінде шектен шығып бара жатқан баптар болса, оны тоқтатып, қажет болғанда керіқайтаратын, сол арқылы президенттің атын былғамай, тамаша сүзгі қызметін атқаратынқұрылым өмірге келді. Сенат құрамының үштен бірін президенттің тағайындауы даосыны көрстеді. Үшіншіден, жаңа бір қызмет орындары ашылғанда керек адамдардымаңдайларынан шертіп алатын «қосалқы құрам» отыратын жылы орынға айналды», –дейді саясаттанушы. Ащы да болса шындық осы.
Ал екінші бір саясаттанушы Әзімбай Ғали: «Біздің жағдайда бұл құрылым авторитарлық жүйенің құралыіспетті. Негізі, басы артық құрылым. Егер Тоқаев қоғамды демократияландырамын десе, сенат секілді басы артық институттардан бас тартқаны жөн. Ашығын айтсақ, қос палаталы парламент жасақтайтындай біз федералды ел емеспіз», – дейді. «Хақ» қорының жетекшісі Тоғжан Қожалиева, керісінше, «сенат қажет» дегенді айтады. «Әрине, дәл қазіргі сенат қажет деп айта алмаймын.Өйткені онда жартылай президент тағайындаған, жартылай мәслихат депутаттары сайлаған азаматтар отыр. Сенаторлар үлкен бір іс тындырып жатыр деп те айтуға болмайды. Неге? Себеп белгілі. Тағайындалған сенаторлар президенттің қас-қабағынақараумен күн өткізеді. Мәслихат сайлағандар да сол бір шеңберден шыға алмайды дегендей. Меніңше, сенат депутаттарын халық сайлауы керек. Сонда жауапкершілік болады. Егер де солай болып жатса, онда қос палаталыпарламенттің еш зияны жоқ. Бірін-бірі толықтырып отырады», – дейді «Хақ» қорының жетекшісі.
Жалпы, сенат жөнінде пікір әртүрлі. Десек те, саясаттанушы Әзімбай Ғали айтқандай, президент Тоқаев сенатты әзірге таратып, бір палаталы парламент жасайалмайтыны белгілі. Өйткені 15 сенаторды өзі тағайындады. Сондықтан олар президенттің ыңғайына қарай әрекет етері анық. Бір сөзбенайтқанда, биліктегі позициясын нығайтып, маңайында қолдаушылардыкөбірек ұстау үшін сенатТоқаевқа әзірге қажет.
Күлтегін БЕК