Тоқаев Си Цзиньпиннің ұсынысын қабылдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыртуын қабылдап, БРИКС+ форматындағы келіссөздерге қатысатын болды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«21 маусымда Мемлекет басшысы Ақордада Қазақстанның шахмат федерациясы өкілдерімен және отандық танымал шахматшылармен кездеседі.
23 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық полицияның 30 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысады.
24 маусымжа Президент ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен ғаламдық даму бойынша БРИКС+ форматында видеоконференция режимінде келіссөздерге қатысады», деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
БРИКС-ке Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және ОАР мүше. Си Цзиньпин Қ.Тоқаевты келіссөздерге қатысуға шақырғаны 22 мамырда белгілі болған еді.