Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:45, 09 Қараша 2022

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқандқа барады

None
None

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барады.

Ақорданың баспасөз қызметі мәлім еткендей, іссапар 10-11 қарашаға жоспарланып отыр.

«Жиын барысында мемлекеттер басшылары ТМҰ аясындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырады», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ саммит қатысушыларымен екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр.

Тегтер: