12:44, 08 Ақпан 2023
Тоқаев Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 млн доллар беруді тапсырды
Қазақстан Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар береді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
«Мемлекет басшысы Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр.