Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:42, 07 Ақпан 2023

Тоқаев Үкіметке Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды

None
None

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркиядағы зілзалаға қатысты шұғыл көмек көрсетуді тапсырды, — деп хабарлайды Жас Алаш Ақордаға сілтеме жасап.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.

Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі түрік билігімен байланыс орнатты. Жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады», — делінген хабарламада.

Тегтер: