Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:55, 05 Қаңтар 2022

Тоқаев үкіметті отставкаға жіберді

None
None

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды «Жас Алаш»

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес қаулыда былай делінген:

1.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", — делінген Ақорда сайтында.

Тегтер: