07:18, 10 Шілде 2020
Тоқаев Үкіметтің кеңейілген отырысын өткізеді
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.
— Бүгін сағат 11:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтыңтөрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы видео байланыс арқылы өтеді.
Жиында Үкімет 2020жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуқорытындысы туралы есеп береді. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатыстықабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратынжұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттеріқарастырылады,-деп хабарлады ол.