16:23, 27 Тамыз 2021
Тоқаев Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты шұғыл жиналыс өткізді.
Бұл туралы Берік Уәли мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты шұғыл жиналыс өткізіп, ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құруды тапсырды.
Оған премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр басшылық жасайды. Қаза болған азаматтардың отбасын әлеуметтік қорғау және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін барлық қажетті шаралар қабылданады», — деп жазды Берік Уәли Facebook-те.
Президент Роман Склярға жиын аяқталған соң Жамбыл облысына шұғыл баруды және барлық шараны оқиға орнынан ұйымдастыруды тапсырды.