09:30, 03 Қаңтар 2022
Тоқаев Жаңаөзендегі жағдайға қатысты пікір білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Жаңаөзендегі газ бағасының көтерілуіне қарсы митингке шыққан тұрғындарға қатысты Twitter-де пікір білдірді,- «Жас Алаш».
"Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс. Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек", — деп жазды мемлекет басшысы.
Еске салайық, 2 қаңтарда Жаңөзен тұрғындары газ бағасының көтерілуіне байланысты митингке шыққан болатын.
Оқи отырыңыз: Жаңаөзенде митинг: Ноғаев мәселені шеше ала ма?!