Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:30, 18 Наурыз 2021

Тоқаев ЖЭО-2-ні газға көшіру жұмыстарын жеделдетуді талап етті

None
None

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыны дамыту жөніндегі кеңесте ЖЭО-2-ні газға көшіру жұмыстарын жеделдетуді талап етті.

Ол жоба құны мен мерзімі бойынша түпкілікті ұсынысты 1 мамырға дейін мәлімдеуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде экологияға, оның ішінде, екінші ЖЭО-ның қайта жөндеу жұмыстарының бағасын қымбаттатпауға және оны созбалаңға салмауға, үшінші ЖЭО-ны жаңғыртуға, жеке секторға газ тартуды аяқтауға, көліктерге жанар-жағармайдың таза түрлерін пайдалануға, қалдықтарды пайдаға жаратуға, Сайран суқоймасы айналасындағы аумақты абаттандыруға және қалпына келтіруге ерекше тоқталды.

"Үкімет жұмыс істеп тұрған энергетикалық қазандық агрегаттарын қайта құру арқылы ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыру жобасын мақұлдады. Енді ең бастысы — оның қымбаттауына және созбалаңға салынуына жол бермеу, өйткені бізде ауқымды жобаларда мұндай жиі кездеседі. Сондықтан мен барлық жұмыс жоспарланған ақшаға сәйкес жасалуын талап етемін. Белгіленген ауыстыру мерзімі ұзаққа созылды деп есептеймін. Қала тұрғындары күте алмайды, жобаны іске асыруды жеделдету қажет. Үкімет, әкімдік пен «Самұрық-Қазына» қоры биыл 1 мамырға дейін техникалық жағынан және құны мен мерзімі бойынша түпкілікті ұсыныс енгізуі керек", — деді Тоқаев 17 наурыздағы кеңесте.

Тегтер: