Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:51, 29 Мамыр 2023

Тоқаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды

None
None

Президент жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Іссапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысында өңірдің көктемгі егіс науқанымен танысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы әлеуметтік нысандарды аралап көреді

Бұдан бөлек, Президент 30 мамыр күні Ақордада бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2 маусымда Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтетін екінші «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр.

Тегтер: