Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:45, 26 Шілде 2020

Тоқаевтың кеңесшісі зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайту туралы ұсынысқа түсініктеме берді

Балаларға қатыстызорлық-зомбылықпен күрес – мемлекет үшін басым бағыттардың бірі.

Бұл пікірді ҚРПрезидентінің кеңесшісі Ерлан Қарин айтты.

«Соңғы оқиғаларға байланысты желіпайдаланушылары балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа жазаны күшейту керек депжазып жүр. Шын мәнінде мұндай шаралар Мемлекет басшысының бастамасымен өткенжылы қабылданған еді. Президент 2019 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан халқынаарналған алғашқы Жолдауында сексуалдық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткітарату, адам саудасы, әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық және жекеадамға, әсіресе балаларға қарсы басқа да ауыр қылмыстар жазасын жедел түрдеқатаңдатуды тапсырды», — деп жазды Ерлан Қарин өзінің Телеграм парақшасында.

 Президент кеңесшісі тиісті заң жобасының күздеПарламентке түскенін атап өтті. Ал 30 желтоқсанда Президент «ҚазақстанРеспубликасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестікзаңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелерібойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды және ол 2020жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. «Заңның жаңа нормаларына сәйкес, орташаауырлықтағы зорлық-зомбылық қылмысы ауыр қылмыс санатына ауыстырылды. 14 жасқатолмаған балаларға зорлық-зомбылық үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айырунемесе өмір бойы қамау жазасы көзделеді. Одан бөлек, педофилия фактілерінжеткізбеу, жасыру, бұрмалау үшін де жауапкершілік белгіленген. Бұл енді 6 жылғадейін бас бостандығынан айыруы мүмкін ауыр қылмыс болады. Балаларға қатыстызорлық-зомбылықпен күрес мәселесі — біздің мемлекет үшін басым бағыттардыңбірі», — деді Ерлан Қарин.

Тегтер: