Төреғали ТӘШЕНОВ: Жер дегенің ұлт екен ғой...

ҚАҒЫНҒАН ҚАРЛЫ СУЫҚ ҚАҢТАРДАҒЫ
Өтіп жатыр біздің қыс қар күреумен,Ал біреулер желіп жүр сал күреңмен.
Жыбырлаған шықса деп жан біреуден
Қарқылдай ма, қарғалар қан тілеумен.Қала бұғып қарайды жалшы реңмен,Қай жаққа бұрылсаң да жан түнерген;Алыстағы ауылың не боп жатыр, Аяз салған аман ба сан сүрейден,Ақ таңға көз ілмеп пе малшы үреймен?Қылышын қарға білеп жау шіренген,Жал боп үйіліп жатыр ма тау тірелген?Ақ шулан ала қаншық түнде ылығып,Тұр ма түк болмағандай маң сілейген.Дауыл дейтін алысып дəу дүлеймен,Қалды ма екен майысып тал – тіреумен,Шал – сүйеуден аман ба, мал – жүдеуден?!… Күн екеш Күн де бөліп барды үнеммен, Ай екеш Ай аспанда қаңғып өлген.Кеш бата шатынаған жан алғыштайБар ма сол жарық жұлдыз жалғыз өрген...
ТОҚАЙДЫҢ ТАҒЫ
Көктегі әнебір жұлдыз не дейді?!Көкбет қой өзі тіпті,Жалғыз көзі шақыраяды.Толқу көбейді.Қылыш қынабынан шықты.Қиямет-қайым жақындады.Көзін сулап, Сақалын жұлардай талайдың,Талағы тарс айырылып еді талай күн.Бүгін қараймын,Сол жұлдыз арайлы...
Тағын бағы көтеріп
Ұшып барған екен ғой
Немересінің нұры Тоқайдың...
*** *** ***
Мадақтап мазақ төреніҚашанғы ел азап көреді?!Таяп келеді…Жоқ аяп керегі?! Халықтан бөлінген саяқ немені!… таяқ – төнеді!… аяқ – тебеді!Керегі жоқ! – қансорғыш аяп кенені?!Көреді...Қаншалық қазақ кең еді?!Қаншалық қазақ бөрі еді?!
*** *** ***
Шықсам ба екен көшеге?!Әлінің Зұлпыһарын ап;Пырағын мініп;Арыстандай ақырып;Күндей күркіреп;Желдей жүйткіп;Құйындай ұйытқып;Салсам ба екен ойранды!Төреден төрт кісіні тамақтап;Қожадан қос кісіні қорқыратып;Үш Жүзден үш кісіні жайратып;Құдай үшін құрбандыққа атсам..,Еліме береке кірер ме екен?!.Өзім бай болар ма екем?!.
*** *** ***
О-о,қашанғы жүре бермек құлша адам?!Қалам алып, фейсбукке мұң шағам...
Шықсам ба екен көшеге?!.Алатаудан теріс бұрып бетімді, Байбота ағам Қошым-Ноғай секілдіЖұдырығымды тас түйіп,Шықырлатып тісімді,Күжірейтіп желкемді,Өң-түсімді қабартып,Екі көзімді алартып,Әлдекімді ұрардай...Алатаудан теріс бұрып бетімді,Щықсам ба әлде Әбіш Қайран секілдіҚазан басқа киіп қара шләпі,Қазанғаптай өң-түсімді суытып,Ал ішімді жылытып...Шықсам ба әлде… Абайша...?Жоқ болмаса...Ақтаудағы алшаң басқан Светқали адайша?Қараталда қайнап жатқан қайран Жүкел Хамайша?Әлде анау бір қалтасы тоқ қара мес...Қойшы соныесалаң,Талай-талай креслоны тоздырарБолса егер де көті аман.… Шықсам бе екен көшеге?!.
БАҚТЫҢ КӨЗІ – СОҚЫР!
Бақ – пұшық пенақсаққа да,
Үсенов Мақсатқада,
Сағадиевтің «Үштіліне» де,
Вл.Кимніңтүшкірігіне де қонады;
Бақ – кейдебоққа қонады,
Тұңғышбайдытұқыртып,
Матаевтымүйіздеген Сотқа қонады;
Бақ –Телібековтің құсық сөзіне,
Василий Нидіңқысық көзіне,
Әнебір дәудіңбоқ қарнына да,
«Қалила қожаның»
интернетте хит болған қошқарына да қонады;
Бақ – тегін білмегеннің тайқымаңдайына,
Тілін білмегенннің «жалко»таңдайына,
«Жорға бидің» шапанының шалғайына,
Тойымсыз мешкейдің пышағына,
Кейіпсіз қаскөйдің құшағына,
Банктегі жуан қараның портфеліне,
Биліктегі сылаң неменің аш белінеқонады.
Бақтың көзі – соқыр!
Соқыр бақ – қайтіп оңдырмақ?!
Енді, сол Соқырың,
бір қолына іліккенін Ұлттықпантеонға,
екінші қолына іліккенін «100 жаңаесімнің» ішіне апарып қондырмақ…
ЭКСПРОМТ
Қу Өмір!Жас болғанда – аспан мен жердей,Шал болғанда – есік пен төрдей, Сұм Уақыт!Алдымдағы қобыраған қағазыңды оқимын ба,Бұйырған бес уақыт намазыңды оқимын ба,Отын түртіп қоятының бар шабыттың,Неге ұйқысын бересің Алыптың,Неге құлқынын бересің Мешкейдің?!О, Тәңірім, өзің кеш, деймін...
ҚОРДАЙ ҚЫРҒЫНЫ
Үркіп бетер торғайдан,Қашып-пысып ҚордайданҚалың дүнген бір түндеБір-ақ шықты «Дордайдан».
Ортасынан қан майдан,Құлақ тұнып ойбайдан,Оқ тигізіп маңдайдан,Қан сигізіп борбайдан...
Тиді тасқа маңдай сан,Сөнді қанша жанбай шам.Қаңыраған Масаншы,Қирамаған қалмай там.
Соқты деме сор қайдан,Сексендегі қартайғанҚартты ұрғаны неткені,Тойынғандар қампайған?!
Келгенде ауып шалғайдан,Жомарттықпен жармай дәнБерген едің, есесіОсы ма алған бар пайдаң?!
Ақша сұрап Шанхайдан,Дүнген көсем марқайған.Кешегі қан төгістіңҚайтпас уы өн-бойдан.
Мәңгүрт ұрпақ мән-жайдан,Түк хабарсыз жүр қайдан?Тілін білмес қазақтыңБал тамызған таңдайдан.
Шәмші сүйген маңдайдан,Дүнген қызы ең қандай паң?Енді «Дүнген қызындай»Тусын сұлу ән қайдан?!
Күн райы қар-лайсаң,Шарт кетердей шалқайсаң.Қар жауса да, әйтеуір,Тұрса екен жаумай қан?!
Түк емес-ау қартайған,Ең жаманы ар тайған.«Кім тұр бүлік артында?»,Шындықты айт! — деп,«Шалға» айтам...
ТЫҢАЙТҚЫШ
Өмір жайлы өзеурейді кіл айтқыш.
О, кіл айтқыш, өтірігіңді құрай түс.
Барар жерің шіренгенмен белгілі,
Түптің түбі бәріміз де – тыңайтқыш.
Өмір жайлы өзеурейді кіл айтқыш.
О, кіл айтқыш, оның бәрі құр айтыс.
Өмір деген – көңнен өнген көбелек,
Бір-ақ күндік өлшеп берген шыдам-күш.
Түптің түбі бәріміз де – тыңайтқыш,
Қанша жерден қиғыңкелмей, жылайды іш.
Боқ дүниені көтеруге мәжбүрсің,
Тыңайтқышқа айналғанша шыдай түс.
Қорек жинап, келмей «кәрі құдаң» қыс,
Іңір түссе-ақ жиналатын жын, аң-құс, –
Қоңыр күзде баптамақ боп бақшамды,
Қи мен көңге мен де боппын құмартқыш.
Түптің түбі бәріміз де – тыңайтқыш,
Бәрі өткінші, жалғанды ойлап, жылай түс.
– Жоқтан емес, боқтан ізде бақытты, –
Тас төбеме кетті саңғып құмай құс...
САЯСИ ШІЛДЕ
Жалп-жалп ұшқан қара қарға ұсқыны,Қуырып тұр құрғақ жаздың ыстығы.Қарғыс өтпес, дуа жетпес қоғамныңТірсегіне түсіп кеткен ышқыры.
Түк емес-ау күннің найза-істігі,Күннен де өткір саясаттың ыстығы!Ашынғандар аямасқа анттасқанАрасында байы да бар місікіні.
Аптап шілде (ары қарай тамыз-ды),Ақ тер-көк тер ағызудай ағызды.Жауын емес көктен бірақ күткеніКөптің мына – жауыннан да маңызды.
Қызынған жұрт, бұзылған көп пиғылы,Қолдарында Құдайдың дәу бұйрығы...Түртіп көріп сірі жанын жүйеніңСыбырлайды: «жыбырлай ма құйрығы?...»
ҰРҒАШЫЛЫҚ
(экспромт)
Қай жаққа қарасаң да – ұрғашылық!
Қатын – би боп, сиыр тұр пұлға шығып.
Тіліңе де тиісіп дініңе де,
Тепсінеді тұл қатын, тұлғасынып.
Ән – ұрғашы, өлең де, жыр да – ұрғашы,
Сұлу, жылтыр, сенбесең, сөз тыңдашы.
Саясат та – ұрғашы, заңымыз да,
Осы шығар, сірә да, құрдым басы.
Құрып кетсін, өзімен құмға сіңіп.
Айғай салғың келеді, қырға шығып.
Бәсі биік бәйгенің алдын бермес
Ұрғашылық – бұл күнде жорға шығып.
Ұрғашылық дегенім – бұл ғасыр, ұқ!
Жетегінде етектің жүр басылып.
Қасиетті әйелде не құным бар?!
Қоғамға айттым: – қылма, – деп, – ұрғашылық!
***
Адамы көп Алматы – Алаңы жоқ,
Алаңы жоқ болған соң – Адамы жоқ!Амалсыздан тығылып фейсбукке, Жалғыз-жарым жалаймыз жараны кеп.
Ақ мәрмәр тас жарқылдап табандарда,
Алшаң басар күн қайда Алаңдарда?!
Алақандай алаңша арман боп тұр –
Алшаң баспақ түгілі, аялдарға.
КӨК ҚОШҚАРДЫҢ КҮЙІСІ
(Махамбетше)
Құлағым, сені сақтадым,Маған біткен серек деп.Мүйізім, сені сақтадым,Сынбасын деп өбектеп.Құйрығым, сені сақтадым,Құрбандыққа керек деп,Көзім, сені сақтадым,Сүзіскенде есептеп.Тісім, сені сақтадым,Сынбасын деп бөлектеп.Жілігім, сені сақтадым,Майы болсын ерек деп.Құрбан шалсаң, мен дайын,Жаратқанға керек деп.Ризамын, ертең Айт күніАла кетсең жетектеп.Мойұнсындым Аллаға,Баратұғын мезет кеп,Пышағыңды қайрай бер,Тілеп тұрам «тез өт!» деп.«Бисмиллә Аллаһу Акбар!» деп,Шалып жібер, кезеп кеп...
КОМСОМОЛ – 100
20 жасында ВЛКСМ-нің қып-қызыл жетекшісі еді –Қазір кәрі коммунист!Жасында сірескен таяқтай-ды.Қазір тойға барса да батасын«Елбасы пен Нұр Отан жасасын!» –деп бастайды һәм аяқтайды.Жарықтық!Сол сірескен таяқтай боп жүріп,Өмірінде бір шек-сілесі қатып күле алмады,Не еңіреп жылай алмады,Не қартайғанда сәждеге жығыла алмай,Не жас шағында удай мас болып жерге бір құлайалмады,Жаны сірі екен,Жасы 100-ге келсе де, – Құдай алмады!Тоғыз басты айдаһардайТоғыз патшаны көрді,Сол патшалардың сегізі өлді.Қырық қатпарлы жаны шығып кетердей,Қырық түймесін түгел қадап,Галстугін қылғындыра байлап,Әлі де өмірге құштар,Иегіне сақал да шықпады үш тал.Жүз жасау оңай ма,Қазір жүріп-тұруы біршама қиындаған,Сонда да басына бөрік не тақия бұйырмаған,Сол баяғы оқшырайған сәбеттік шләпісі.Өлсе де жаназасын шығартпай,
гробпен кетеді енді, мына кісі!Әшкиі шақшиып,Әлі күнге оқитыны «Комсомольская правда»,Пысқырмайды қазақша кәзит тұрмақ, Құранға!… Бұ кісінің қылмысын айтсам – 40 том болар,Не істемеді бұл! –Қызмет етем деп Коммунистік Ұранға...
***
«Жер сатылмасын» дейсіңдер ме –Сатылып кеткен!«Ер атылмасын» дейсіңдер ме –Атылып кеткен!Шығып барады жалғыз көзМақұлық шектен!Бұдан да жаман болады! –Жерден Мәді шықпасаЖапырып шеттен! –Иса Мәсіх түспесеАқырып Көктен!
КЕПТЕЛІС
Алматыда көлік көп,Көрген күнің – кептеліс.Отыз жылда, қайтейін,Осы – біздің жеткен іс... Итшілейсің итіңдеп,Құрып кеткір, неткен іс?
Қор болғандай көк есекКүре жолға теп-тегіс;
Боқтық пенен қарғыстанҚұлақ шулап, кепкен іш...Бақытты едің о, неткен,Ұшқан сонау көкте құс?! Бәрі осының аздай-ақ,Тағы билет тексеріс...Жайлап алды миымды Көк темірге кектеніс; Бедірейген асфальт,Бетің құрсын теп-тегіс;Бірін бірі итеріс,Бірін-бірі жекөріс;Қалтаға абай болмасаң,Қағып түсер ептегіш;Қала берді кондукторКөрсетеді өктем іс;Алматысы құрысын,Шықты-ау мына шектен іс; Ауылдағы бақытты-ау Сиыр баққан Бектеміс!
Жоғары жақ өтірікЖұбатар деп: «өтпелі іс»;
Қашан мынау тыйылар
Көліктегі көп керіс?Шешетін жоқ жерде ешкім,
Шешілмесе көктен іс?!Жол түзелмей түзелмесЖұртымдағы тоң-теріс.Қолдан шығып кетпегей,Жолдан шығып төңкеріс...
***
Лұт қауымы секілді Люксембург,Жер астына, обал жоқ, кетсең, құрып, – Бір ауыздан гей көсем сайлап апты, Азғын халық, бұзылған шектен шығып!
Қарсы шыққан Құдайға, неткен бүлік! (Біреу жоқ-ау алатын беттен тіліп), – Беттель деген жылмақай гей көсемі,Елге анада кеп кетті еппен күліп.
Жай келмеген, берген-ау пәтуасын: «Бір жынысқа біржыныс «асылатын»Насихатқа болмасын ешбір шектеу,Ашық болсын, түгі жоқ жасыратын!».
Жылайық па, қайтейік, күлелік пе?Осы емес пе, айналған тірі өлікке!, – «Ата Заңда заңдастыр!», — деп гей-біреу Бұйрық берер түбі Игорь Роговке!
Осыемес пе, келгені заманақыр?!Біз жүргенде мөңіреп далаға құр,– Алматыда болмаса Астанада, Өткізеді,гей-шеру, қара да тұр!
АЖАЛЫҢНЕДЕН БОЛДЫ, АҚБӨКЕНІМ?!
Арқада он мыңдаған киік өлді,Көміп жатыр бір жерге үйіп енді.Ақбөкенді уласа бүгін, ертең Улап түгел жүрмей ме, дүйім елді!?
Қазақтың осы емес пе кер кеткені, Сәкендер адаммен тең көрмеп пе еді?! Бүгінгілер бір күнде баудай түскен Жүз сексен мың киікке селт етпеді.
Ажалың неден болды, Ақбөкенім?!Тым құрса бұйырмадың жатқа тегін. Қайыр жоқ қоғамнан да, адамнан да, Қол жайып тілемесек Хақтан емін.
Келгенін іш сезеді кептің неден? Көк майса шақта мынау шөп гүлдеген,Тойынғаннан өле ме текті тағы,Уламаса әдейі «гептилменен».
Токсоққандай – қай жерден толқын ұрды?!Көк соққандай – қамшымен тартып улы!Жан бар маекен жалғанда түсінетін,Жанарындақап кеткен жалқы мұңды?
Қысқа күнде қырылған қынадайын,Кім тоқтатар сұмдықты мынадайын! Құдайсыздар, қарашы, құрық салған, Өргізерде өрімдей құралайын.
Қайда? – деп, – киік, – ертең дала сұрар,Қазақтың бар ма соны, данасы ұғар?!Киеліге иелік ете алмасақ, Киіктің көздеп бір күн наласы ұрар!
ЖЕР
Жер әкемнің тері екен ғой,Жер анамның көзі екен ғой.Жер жамылып кете барар, Бес қабатты бөз екем ғой.Басқан із бен көрген қызық, Жерге шыққан шөп екен ғой.Жер адамның өзі екен ғой...
Жер Тәңірдің төрі екен ғой,Шөккен жардай шер екен ғой. Көшкен нардай бел екен ғой.Жер дегенің – Ел екен ғой.Ағытылған төл екен ғой,Мен екем ғой, сен екен ғой, Қаратаудай қол екен ғой.
Жерімен ел жұрт екен ғой.Жауға жегі құрт екен ғой. Жерін жатқа өлмей бермес –Көк Түріктің ұрқы екен ғой.Шаңырақтың шырқы екен ғой,Тартып қалсаң шырпы екен ғой...Жер дегенің – Ұлт екен ғой...
Төреғали ТӘШЕНОВ