Тосын бейнеүндеу қарағандылықтарды қайран қалдырды
Қарағанды облысының беймәлім тұрғынының Қазақ халқына қатысты айтқан жағымсыз бейнеүндеуі бүгін әлеуметтік желіде жылдам тарап кетті.
Құқық қорғау органының өкілдері жедел арада тарап кеткен бейнежазбаның авторын көп ұзамай ұстап үлгерді. Орын алған оқиғаның растығын облыстық полиция департаменті ресми хабарлап отыр.
-«26 сәуір күні полиция қызметкерлерімен әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 174 бабында көрсетілген «Ұлттық алауыздықты қоздыру» белгілері бар белгісіз азаматтың бейнеүндеуі анықталды. Полиция қызметкерлері бейнежазбаның авторы 27 жастағы Жезқазған қаласының тұрғынын ұстады. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды»-деп мәлімдеді, департаменттің баспасөз қызметі.
Темір торға тоғытылған азамат өз ісіне өкініш білдіріп, Қазақ елінен кешірім сұраған бейнежазбасын жолдапта үлгерді.
— «Ғаламторға салынып кеткен «былапыт» сөздерім үшін Сіздерден кешірім сұраймын. Менің қазақ достарым бар, ешқайсымен керісіп көрген емеспін. Кешірім сұраймын»-деп қиылды, әбестік жасаған жауапкер.
Оқиғаға төрелік айту біздің құзырымызға кірмейді. Ендігі шешім құқық қорғау орындарының еншісінде.