Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:31, 19 Тамыз 2022

Төтенше жағдайдың алдын алу әдістері жетілдіріліп келеді

None
None

Тұрғындардың өмір сүру дағдысының белсенді бола түсуімен бірге күнделікті айналымызда түрлі төтенше жағдайлар да күшейіп келеді.

Сондықтан қауіпсіздік ережелерін барынша күшейтіп, халықтың қауіпсіздік ережесін сақтауына талапты жоғарылату қажеттілігі сезіледі.

Мәселен дәл қазір күннің аптапты күндерінің жиілеуімен бірге, жасыл желектің күзгі қурауымен дала өрттері көбейе түседі. Күзде далада ғана емес адам тығыз орналасқан қалада да өрттер жиілей түседі.

Мәселен соңғы кездері бизнес нысандарында өрт қауіпсіздігін сақтамау деректері жиілеп кеткенін статистика байқатып отыр. Еліміздің Бас төтеншесі Юрий Ильин де бұл ақпаратты растап отыр. «Бизнесмендердің қарапайым өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамауы адам өліміне әкеліп соғуда» дейді еліміздің Төтенше жағдайлар министрі. Жыл басынан бері тек Қостанай облысында өнеркәсіптік қауіпсіздік бағыты бойынша қауіпті өндірістік нысандарда 600-ден астам заң бұзушылық анықталыпты. Сондықтан министр Юрий Ильин ТЖМ инспекторларына жұмыс жүйесін өзгертіп, бизнес иелерінің жауапкершілігін жоғарылату бағытнда жұмыс жасау қажеттігін талап етіп отыр. Бұл жұмыстар құр айыппұл салумен өлшенбей, қауіпсіздік шараларын сақтауда әдістемелік көмек көрсету арқылы жұмыс жүйесін қалыптастыру бағытында болуы қажеттігі де айтылуда. Жалпы елімізде төтенше жағдайлардың алдын алу және еліміздің азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда.

Атап өтер жайт, соңғы жылдары өрт кезінде газға қатысты қауіпсіздік ережелерін сақталмауы да төтеншелік мамандарды шошытып отыр. Сондықтан газды тұрмыстық қолдану кезінде аса абй болуы қажеттілігі сезілуде. Сол себепті төтеншелік мамандар қазіргі таңда халыққа өз қауіпсіздіктері үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып, көп қабатты үйде газ баллондарын қолданбауға кеңес беруде.

Осы орайда түсіндіре кетсек, адамзаттың өз қолдарымен жасалып жатқан апаттар мен қирауларды техногенді сипаттағы төтенше жағдай деп қарастыратын болсақ, тұрғындардың кез келген қауісіздік ережесін сақтамауы техногенді сипаттағы төтенше жағдай тудыруы әбден мүмкін. Сондықтан мүмкіндігінше қауіпсіздік ережелерін кеңірек насихаттау қажет. Осы орайда ҚР білім беру ісінің үздігі Ғалия Қайдауылқызы «Біз көп жағдайда халыққа білім берсек болды деп ойлаймыз. Ал дұрыс өмір сүруге үйрететін кейбір суды қолдану, газды қолдау немесе электр қуатын қолданудың қарапайым қауіпсіздік ережелерін халық біле бермейді. Сондықтан төтенше жағдай туындатып жатады. Осы орайда мектепке пән ретінде енгізе отырып, балалардың қатысуымен орын алатын төтенше жағдайдың алдын алсақ» дейді.

Еліміздің барлық азаматтарын Азаматтық қорғау саласы бойынша оқытып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт – насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізудің де маңызы зор. Қазіргі таңда осы жол арқылы төтенше жағдайдың алдын алу көзделуде дейді. Әрине жалаң қолмен күресіп төтенше жағдайдың алдын алу оңай емес. Сондықтан еліміздің Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметі апаттардың алдын алу мақсатында барынша, заманауи технологияларды пайдаланып, жұмыс істеуде. Дәл қазіргі таңда еліміздің төтеншеліктерінің барлығының ақпарат беру сайттары жұмыс істеп тұр, оған қоса әлеуметтік желі арқылы ақпарат беріп, халықтың сақтандырып отыратын парақшалары да бар. Яғни халыққа ақпарат берудің барлық мүмкіндіктері қарастырылған. Мәселен төтенше жағдай кезіндегі халықтың қимыл іс-әрекеттері қандай болуы керек, су қауіпсіздігі ережесін сақтау, өрт қауіпсіздігі ержесін сақтау, техногенді апаттар неге көбейеді, суға кеткен адамға алғашқы көмек секілді зардап шегушіге қалай алғашқы медициналық көмек көрсетуге болады деген секілді ақпараттардың барлығы қол жетімді. Сол секілді халықты оқыту және құлақтандыру мақсатындағы көптеген іс-шаралармен танысып, төтенше жағдайдың алдын алуға машықтануға болады. Тіпті төтенше жағдай кезіндегі қарапайым азаматтардың ерлікке бергісіз іс әрекеттері де насихатталып, төтеншеліктер тарапынан марапатталуы да ер кезінде беріліп отырады. Яғни халыққа бұл тарапта ақпараттар жеткілікті деңгейде берілуде. 

Осы орайда айта кетсек төтеншелік мамандар тек әлеуметтік желілер мен сайттарына есніп қол қусырып отырған жоқ. Одан бөлек БАҚ арқылы да насихат жұмыстары жүргізілуде. Мәселен биылғы жылдың алғашқы алты айында Халықты оқыту және хабар беру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 43 124 ақпарат таратылса, оның 4 825 — телевизия арналарында, 8 525 — баспа басылымдарында, 19 098 — радиода, 10 676 — ақпараттық агенттіктер таспалары арқылы мәлімет таратылған. Одан бөлек төтеншелік мамандардың арнайы құлақтандыру жазылған шағын брошюралары да үнемі халыққа таратылып отырады. Одан жылыту маусымында пешті қалай пайдалануға болатыны, немесе шомылу маусымындағы сақтық шаралры туралы ақпараттар табуға болады. Бұған қарап саланың қоғамды ақпараттандыруы ойдағыдай дей аламыз.

Атап өтер жайт, төтеншелік мамандардың халықты аралап жүріп, сақтандыру әрекеттері де нәтижесіз емес. Мәселен биылғы жылдың 15 тамызы мен 15 қыркүйегі аралығында еліміздің барлық аумағында «Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығының» бірінші кезеңі басталды. Аталмыш шара аясында халықтан «қыс шанасын жаз сайлау» талап етіледі. Яғни халықтың жылыту маусымына дайындығы, пеш тазалауы арқылы халықпен жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқаулықтар өткізіледі. Е алдымен халықтың әлеуметтік осал топтарымен алдын алу, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тіпті үйлерді аралап көру арқылы қауіпсіздік шараларын сақтау талап етіледі. Халыққа өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша арнайы жадынамалар және брошюралар таратылып, құлақтандырылады.  Төтеншелік мамандар әр үйге кіріп,  электр сымдарын, электр жабдықтарын, газ қазандықтарын, пештің жарамдылығы мен мұржаның бітелуі секілді сақтық шараларына да көңіл аударады. Себебі бұл әрекеттердің барлығы өрттің пайда болуына, тұрғындардың уланып қалуының алдын алуға  ықпал етеді. Төтеншеліктердің осындай тынымсыз жұмысының арқасында ғана төтенше жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туады. Сондықтан халықтың амандығы мен қауіпсіздігінің күзетшісіндей төтеншелік мамандардың орны бөлек.

Тегтер: