Төтенше жағдайға төтеп беру үшін техниканың талапқа сай болғаны жөн
Бүгін Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы «Ми-8АМТ» жаңа тікұшағымен толықтырылған «Қазавиақұтқару» АҚ филиалының авиапаркіне арнайылап барды.
Өйткені төтеншелік мамандардың жұмыс барысында жедел құтқару техинкаларының маңызы зор.
Ал «Ми-8АМТ» жаңа тікұшағы барлық қосымша жабдықтарымен жабдықталған, заман сұранысына жауап бере алатын тікұшақ. Ондағы борттағы адамдар санының жалпы сыйымдылығы 14 адамды құраса, жүк көтергіштігі 13 000 кг дейін екен. Ең бастысы барынша рұқсат етілген жылдамдығы – 250 км/сағ құрайды екен. Сонымен қатар суға авариялық отырғызу құралымен; шаңнан қорғау құрылғысымен; адамдар мен жүктерді су бетінде қалқып тұрған жерден көтеруге арналған шығырмен; өрт сөндіруге арналған суағар құрылғысымен жабдықталған. Авариялық салдар мен кеудешелер сияқты қосымша жабдығы бар екен.
Мұның барлығы төтенше жағдай кезінде үлкен көмек көрсетер артықшылықтар деуге болады. «Қазавиақұтқару» АҚ өкілі Өтеген Абдуахитұлы Базаров тікұшақтың осынау артықшылықтарының барлығымен таныстырып өтті. Осы орайда атап өсек, бүгінгі күні Маңғыстау облысының гарнизоны азаматтық қорғау саласында шұғыл көмек көрсету бойынша міндеттерді орындау үшін 2 әуе кемесімен жабдықталған. Олар «Ми-8АМТ» және «ЕС-145» Еурокоптерлері.