Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:30, 03 Қазан 2022

Төтенше жағдайлар министрлігінде жаңа ресми өкіл тағайындалды

None
None

Руслан Иманқұлов Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды, — деп хабарлайды “Жас Алаш” ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі болып Руслан Иманқұлов тағайындалды. Бұл туралы тиісті шешімді Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қабылдады", — делінген хабарламада.

Иманқұлов 1985 жылы Жамбыл қаласында туған. Білімі жоғары. Төтенше жағдайлар министрлігіндегі өз еңбек жолын Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің маманы болып бастаған. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі болып қызмет атқарған.

Сонымен қатар, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ, ҚР ИИДМ БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік еткен.

«Юрий Ильин жеке құрамға таныстыра отырып, Р.Иманқұловтың осы саладағы тәжірибесін атап өтті, сондай-ақ бірқатар басым міндеттерді белгілеп, алдағы жұмысына табыс тіледі», — делінген министрлік хабарламасында.

Тегтер: