Төтенше жағдайлар қызметі шөбі қурап тұрған далалы аймақтарды сақ болуға шақырады
Қоянды ауылы маңындағы өрттен бір адам қайтыс болды.
Қарқаралы ауданының Қоянды ауылынан шығысқа қарай 8 шақырым жерде ашық алқапта алдын ала болжам бойынша 150 га аумақта құрғақ шөп өртенді.
Бұл өрттің шығуына аң аулауға шыққан тұрғындардың көлігі себепкер болған. Олар далада келе жатқанда көлік коллекторының қызуынан шөп тұтанып кеткен. Аңшылар қолдан жасалған құралдармен өртті сөндіруге кіріскен, бірақ олар өртке төтеп бере алмай, бір-бірін көрмей қалған.Өрт кезінде 1991 жылғы ер адам қаза болған.Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің күштері (7 адам, 2 техника) мен ерікті өрт сөндіру бөлімдері (45 адам, 10 техника) жұмылдырылған.Өрт салдарынан 1969 жылы туған ер адам күйік алған. Оны Қарқаралы қаласындағы ауруханаға жатқызған. Қарқаралы өңірінде тағы бір дала өртімен күресу жүріп жатыр. 15 қазанда Мәди ауылдық округінде алдын ала болжам бойынша 750 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді. Дала өртін сөндіруді желдің екпіні, жер бедерінің қиындығы және су құюға арналған орындардың алыстығы қиындатады. Өрт сөндіруге ерікті өрт сөндіру бөлімшелерінің (61 адам және 15 бірлік техника) және Төтенше жағдайлар департаментінің (11 адам және 4 техника) күштері жұмылдырылған. Оқиға орнына Қарағанды қаласынан Төтенше жағдайлар департаментінің күштері (31 қызметкер мен 3 бірлік техника) қосымша жіберілді.Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Дала өрттері негізінен құрғақ ауа райы мен желдің әсерінен болады. Үлкен өртті тудыру үшін кішкентай ұшқын жеткілікті. Төтенше жағдай саласының мамандары далалы және орман алқаптарында болған кезде сөндірілмеген темекі тұқылдарын, сіріңкелерді лақтырудан, сөндірілмеген өрттерді сондай — ақ шыны сынықтарын қалдырудан сақ болуға шақырады.