Төтенше жағдай қызметкерлері боранда қалып қойған жолаушыларға көмектесті
Ақпан айында елімізіздің басым көп өңірінде қалың қар жауып, қатты аяз болды. Әсіресе, Абай облысында қатты аяз азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, төтенше жағдайлар жиі болды.
Облыстық ауарайын бақылау мекемесінің мәліметі бойынша қазіргі уақытта қар жамылғысының биіктігі тоқсан бес сантиметр, таулы аймақтарда және кейбір елді мекендерде қар қалыңдығы бір жарым метрге дейін жетті («Биғаш ауылына баратын жолдың Қаракезең аумағында қар қалыңдығы тіпті үш-төрт метрге дейін жетеді). Бұл туралы Абай облыстық әлкімдік ресми хабарлады.
Жергілікті төтенше жағдайлар департементі қалың қарды дер кезінде күреп, тұрғындардың қалыпты жүріп-тұруына жағдай жасау үшін барын салып жатыр. Қазіргі уақытта ауа райының салдарын жоюға он төрт бірлік арнайы техника мен жиырма екі қызметкер жұмылдырылған.
Жолдар толығымен қардан тазартылып жатыр, қазіргі уақытта республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай», облыстық маңызы бар «Көкпекті-Васильевская өткелі» және облыстық маңыздағы «Үлкенбөкен-Көкжайық - Үлгілімалшы», «Преображенка-Теректі-Шұғылбай» және «Көкпекті – Биғаш», «Көкпекті – Ақтас-Толағай, Көкпекті-Ұзынбұлақ» тас жолдарын құтқаршулар қардан толық тазартты.
Ал төтешелік қызметкерлер Ажа және Биғаш-Егінбұлақ ауылдарының кіреберіс жолын тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Абай облысының әкімдігі мен жергілікті төтенше жағдай департаменті өңірде эвакуациялық пункттер құтқару жұмысына толық дайын екенін хабарлады.
Қазақстан республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Абай облысы Көкпекті ауданындағы қар құрсауында қалған адамдарды құтқару бойынша арнайы операция өтті.
Арнайы операция барысында қалың қар құрсауынан үш жүз сексен бір адам құтқарылған, оның ішінде он тоғыз бала болғаны анықталды. Қар құрсауынан құтқарылған тұрғындарды құтқарушылар арнайы жылыту пункттеріне орналастырды.
Облыстық Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері қалың қар арасында қалған барлық автокөліктерді текерсіп шықты, олардың ішінде қалып қойған адамдар жоқ екені белгілі болды. Автомобильде болған адамдардың барлығы дер кезінде құтқарылып, арнайы жылыту пункттеріне жеткізілді. Алдағы уақытты тас жолдарды қалың қардан тазарту және қар құрсауында қалып қойған автомобильдерді қар үйінділерінен алып шығу жұмыстары жалғасты жүргізіледі. Төтенше жағдай қызметінің мамандары тұрғындардың қауіпсіздігі үшін күні-түні жұмыс істеп жатыр.