Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
05:19, 13 Сәуір 2022

Төтеншеліктерге деген құрмет түгесілмес

None
None

Тіршіліктің қатпарында қауіп көп. Тілсіз жау, табиғаттың тосын мінезі, оқыс оқиға тұрмақ ең ақыры үйіңнің есігі ашылмай қалса да қарапайым жұртшылық төтеншеліктерге жүгінеді.

Уақыт ағымындағы оқиғалардың бел ортасында жүретін құтқарушы ержүрек азаматтар бар да ел тұрғындары өз қауіпсіздігін сезінетіні түсінікті жайт.

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті жыл басынан бері облыс аумағында 98 төтенше жағдай тіркелгенің мәлімдеді. Оның 95-і техногендік сипатта болса, 3-і табиғи салдар.

Аяқ асты болар қауіпті құбылыстарға орай өтетін төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия 13 отырыс өткізсе. оның 4 отырысы жоспардан тыс өткен. Осы отырыстарда ТЖК шешімдерінің орындалуына бақылау жүргізілген. Атап айтсақ, «2021-2022 жылдардағы қысқы-көктемгі кезеңде облыста Сырдария өзеніндегі мол суды қауіпсіз өткізуге дайындық жөніндегі іс-шаралар жоспары» әзірленіп, бекітілген. Су тасқыны кезеңінде де Сырдария суын қауіпсіз өткізу мақсатында «Қазгидромет» РМК және «Қазсушар» РМК филиалдарымен бірлесіп, су деңгейіне күн сайынғы мониторинг жүргізді. Осының арқасында сеңді қауіпсіз өткізуге бар мүмкіндіктерін салды. Жанкешті еңбектің арқасында сең дария бойынан асау мінезін көрсетпей өткенімен, Арал ауданындағы Қамбаш көлінде дауыл кесірінен мұздақтар сыртқа шығып, кәсіпкерлік нысандардың біршамасына зиянын тигізді.

Аяқ асты қауіпті жағдай туындататын су тасқынының алдын алу мақсатында департамент қызметкерлері су басқан жағдайда қауіпсіз аймаққа көшу бойынша жергілікті тұрғындармен 97 жиын өткізіп, үгіт, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Дәстүрге айналған жиындарда 4035 ұсынымдар беріліпті. Халықты уақытылы құлағдар етіп, дария бойын бақылап отырған мамандар Сырда су басуы мүмкін жағдайларға мұқият болды.

 ТЖД мамандары қаншалықты кез-келген қауіпке дайын болғанымен де физикалық дайындықтары оқу-жаттығулармен өріліп жатады.  Есепті кезеңде олар 584 оқу-жаттығу өткізіп, дайындықтарын пысықтаған.

Азаматтық қорғаныс саласындағы профилактикалық жұмыстарда нәтижесіз емес. Осы уақытқа дейін 19 бақылау нысаның тексерген. Сондай-ақ, департамент мамандары балық аулау орындарында 407 рейд жасап, 15 мыңға жуық адамға түсіндіру іс-шараларын өткізген.

Сыр елі климаты ыстық, ауасы құрғақ өңір болғандықтан, өрт қауіпсіздігі басты мәселе. Есепті кезеңде облыс бойынша 82 өрт болды (былтыр – 99 өрт), 1 адам қаза тапты, 3 адам жарақат алды. Қауіпсіздікті алға қойған мамандар 390 объектіні тексеріп, зерттеу барысында 2121 бұзушылықты анықтаған. 1 нысаннан анықталған бұзушылықтардың орташа көрсеткіші 9 бұзушылықты құрапты. Әкімшілік жауапкершілікке 290 жеке және заңды тұлғалар тартылған. Әкімшілік сотқа ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігі бойынша 3 хаттама жіберілді.

 Бұқаралық ақпарат құралдары да сала мамандарының ескертулер мен қауіпсіздікке байланысты 1242 ақпарат және мақалаларын шығарған.  

Департамент қызметкерлері 50040 адамды қамти отырып, тұрғын үй секторының 11865 аулаларын аралап, тұрғын үй секторында 22  жиын өткізді. Жеке кәсіпкерлермен 4 дөңгелек үстел ұйымдастырылған.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына да ерекше көңіл бөліп, 865 рейд жүргізілген. Бұл жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.

Анықтамалық «112» және «101» телефон нөмірлері жыл басына бері 35 мыңға жуық қоңырау қабылдаған. Оның ішінде «112» негізгі қызметі бойынша – 117, өрт сөндіру қызметі бойынша «101» нөміріне – 323, полицияның «102» нөміріне – 4, медициналық көмек көрсету «103» нөміріне – 2, азаматтардың анықтамалық ақпараттары бойынша – 8188 қоңырау; Балалардың ойнауы, нөмірді қате теру, азаматтардың ақылға қонымсыз, қызба мінезді, психикалық жағдайда қоңырау шалған жағдайлары – 26068 қоңырауды құраған.

Облыс мектептерінде жасөспірімдерге төтенше жағдайдағы іс-қимылдар бойынша мыңнан астам оқушыға 34 интерактивті сабақ ұйымдастырылды. Соның бірі «Адам өмірінің арашашысы» атты тәлімді сұхбат кеші Әбділдә Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтті.

Шара «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы «Туған  жер» бағдарламасына орай, туған жерге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді жастар бойына сіңіріп, рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Студенттермен болған сұхбат кеште «Жедел құтқару жасағы» басшысының орынбасары, құтқарушы Мейрамбек Доспенбетов пен ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» өрт сөндірушісі Нұрғазы Әбибуллаев, төтенше жағдайда кез-келген азаматтың тас-түйін дайын болуы тиіс міндеттері мен қауіп-қатерден шығу жолдарын айтып берді. Өз кезегінде Қызылорда көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» және «Өркениет» медицина колледждерінің студенттері көкейтесті сұрақтарын қойып, тұщымды жауапқа қанығып, кештің мағыналы өтуіне белсенді атсалысты.

Тегтер: