Трамп АҚШ Гренландияны өзіне қосып алады деп сенеді

«Менің ойымша, бұл болады», - деп жауап берді АҚШ президенті НАТО Бас хатшысымен өткен баспасөз мәслихатында Гренландияны аннексиялау мүмкіндігі туралы сұраққа.
«Бұл бізге (Гренландия – ред.) халықаралық қауіпсіздік үшін қажет», - деп түсіндірді Трамп. Ол сондай-ақ Рютте Гренландияның АҚШ-қа қосылуында «маңызды рөл» атқаратынына сенім білдірді.
Өз кезегінде Марк Рютте «НАТО-ны осы мәселе бойынша талқылауға тартқысы келмейтінін» мәлімдеді, бірақ Ресей мен Қытайдың осы аймаққа қызығушылығының артуына байланысты Арктика қауіпсіздігі үшін Гренландияның маңыздылығын мойындады.
Гренландия кіретін Дания парламентінің қорғаныс комитетінің төрағасы Расмус Джарлов өзінің X әлеуметтік желідегі аккаунтында АҚШ-тың аралға деген талаптары «НАТО-ның екі елі арасындағы соғысқа» әкелуі мүмкін екенін жазды және Трамппен кездесуде Марк Рюттенің мінез-құлқын сынға алды. «Гренландия Даниядан дереу тәуелсіздік алуға қарсы дауыс берді және ешқашан американдық болғысы келмейді», - деп қосты Ярлов.