Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 11:50

Трамп АҚШ-қа кіруге 12 елдің азаматтарына толық, 7 елге жартылай тыйым салды

Трамп
Фото: zhasalash.kz (ЖИ)

АҚШ президенті Дональд Трамп елге кіру ережелерін күшейтіп, бірқатар елдердің азаматтарына толықтай немесе жартылай тыйым салды.

Тыйым 9 маусымнан бастап күшіне енеді. 

Толық тыйым салынған елдер: Ауғанстан, Мьянма, Чад, Конго Республикасы, Экваториалдық Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан және Йемен азаматтарына АҚШ аумағына кіруге толық тыйым салынды.

Жартылай тыйым салынған елдер: Бурунди, Куба, Лаос, Сьерра-Леоне, Того, Түрікменстан және Венесуэла азаматтарына тек қонақ және студенттік визалар берілмейді. Алайда, жұмыс визасы немесе отбасын біріктіру мақсатындағы визалар күшінде қалады.

Трамп мұндай шектеулерді өзінің бірінші президенттік мерзімінде де енгізген болатын. Бірақ бұл жолы тізімге Сирия мен Солтүстік Корея енгізілген жоқ.

Президенттің түсіндіруі бойынша, бұл шешімнің басты себебі – Колорадо штатындағы Боулдер қаласында еврей белсенділеріне жасалған шабуыл. Оқиғада Египет азаматы, заңсыз АҚШ-та тұрып жатқан, әйелі мен балалары бар азамат, адамдар тобына «Палестинаға бостандық!» деп айқайлап, жарылғыш сұйықтық лақтырған.

“Біз XXI ғасырда шетелден, әсіресе виза мерзімі өтіп кеткен немесе қауіп төндіретін елдерден келген мигранттардың шабуылдарын көріп келеміз. Еуропада  болып жатқан дүниені біз Америкада қайталануға жол бермейміз”, – деді Трамп.

Оның айтуынша, егер басқа елдер де қауіп көзіне айналса, бұл тізім алдағы уақытта кеңейтілуі мүмкін.

Трамптың бұл қадамы АҚШ-та иммиграциялық саясаттың қатайтылып жатқанын көрсетеді. Қауіпсіздік пен ұлттық мүдде бірінші орынға қойылып отыр. Алайда бұл шешім халықаралық қауымдастық тарапынан түрлі пікір туғызуы мүмкін.