Трамп АҚШ құпия қызметінен өзіне қастандық ұйымдастырмақшы болғандар туралы мәлімет сұрады

Енді Байденнің арқасында оны жасырудың қажеті жоқ, деді АҚШ басшысы.
АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ құпия қызметіне 2024 жылғы сайлау науқаны кезінде өзіне қастандық жасамақ болған адамдар туралы барлық ақпаратты беруге бұйрық бергенін айтты. Бұл туралы New York Post жазды.
«Мен екі кісі өлтіруші туралы білгім келеді... Неліктен бір жігітте алты ұялы телефон, ал екіншісінде (шетелдік) қолданбалар болды? ...Енді Байденнің арқасында оны жасырудың қажеті жоқ. Менің оны білуге құқығым бар», - деді Трамп.
Айта кетейік, 2024 жылы 13 шілдеде Дональд Трамп Пенсильваниядағы сайлауалды митингіде қастандықтан аман қалды. Трамп құлағынан жарақат алды. 2024 жылдың қыркүйегінде Трамп гольф ойнап жатқанда тағы бір қастандық ұйымдастырылды. Атқан адам қамауға алынды, бірақ саясаткер зардап шеккен жоқ.
Қаңтар айында Дональд Трамп қастандық кезінде өзін қорғаған Шон Карранды Құпия қызметтің жаңа директоры етіп тағайындады.