Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:11

Трамп АҚШ құрамына үш “жаңа штат” қосатынын айтып әзілдеді

Трамп
Фото: Annabelle Gordon / Reuters / Scanpix / LETA

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ аумағын кеңейту туралы әзіл-қалжың жасап, оны үш жаңа “штат” – Гренландия, Канада және Венесуэла арқылы жүзеге асыру жайлы пікір білдірді. Бұл туралы The Washington Post хабарлады.

Трамп Вашингтондағы Alfalfa Club-тың дәстүрлі кешкі асында:

"Гренландияны 51-штат ету ниетім болған жоқ. Мен Канаданы 51-штат еткім келеді. Гренландия 52-штат болады. Венесуэла 53-штатқа айналуы мүмкін", – деп айтты.

АҚШ басшысы аралды “басып алуды” жоспарламайтынын, керісінше оны сатып алуды ойлайтынын атап өтті. Басылымның жазуынша, АҚШ аумағын кеңейту тақырыбы Трамп сөзінде жиі көтерілсе де, әзірге ол тек саяси әзіл деңгейінде ғана қалады.

Сонымен қатар, Трамп кеш барысында Федералдық резерв жүйесінің жаңа басшысы қызметіне ұсынылған Кевин Уоршқа қатысты:

"Егер ол мөлшерлемені төмендетпесе, мен оны сотқа беремін. Әзілдеймін", – деп әзілдеді.

Президент өз сөзінде Ақ үйде бал залын салу жоспарланып жатқанын, биыл футболдан әлем чемпионаты, ал 2028 жылы жазғы Олимпиада ойындары өтетінін мақтанышпен айтты.

Қонақтардың айтуынша, кейбір әзілдерді залдағылар салқын қабылданған немесе үнсіз қалдырған.