Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 18:10

Трамп: АҚШ-та ешкім білмейтін «ерекше» қару бар

Трамп
Фото: ЖИ / Жас Алаш

АҚШ-та ешкімге белгісіз «ерекше» қару бар.

 Мұндай мәліметті АҚШ президенті Дональд Трамп News Nation телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Сұхбат барысында жүргізуші Трамптан Венесуэла президенті Николас Мадуроны ұстау кезінде АҚШ әскері белгісіз «дыбысты қаруды» қолданды деген ақпаратқа түсініктеме беруін сұраған.

«Бізде ешкім білмейтін қару бар. Бұл туралы айтпаған дұрыс шығар, бірақ бізде шынымен де ерекше қару бар», - деп жауап берді АҚШ президенті.

Белгісіз қару туралы

Бұған дейін бірқатар БАҚ венесуэлалық әскери дереккөздерге сілтеме жасап, Мадуроны ұстау операциясы кезінде бұрын-соңды белгісіз қару қолданылғаны хабарлаған. Әскери қызметкердің айтуынша, кезекшілік кезінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің барлық радарлары кенеттен істен шыққан. Артынша әуеде дрондар, кейін тікұшақтар пайда болған.

Оның сөзінше, содан кейін бұл жағдай кәдімгі ұрысқа ұқсамаған. Әсері қуатты дыбыстық толқынға ұқсас болған: адамдардың жағдайы күрт нашарлап, көпшілігі қозғала алмай, жерге құлаған.

Еске салайық, 2025 жылғы желтоқсанда АҚШ Венесуэлада арнайы операция жүргізіп, ел президенті Николас Мадуро мен оның жұбайын астана Каракаста ұстаған. Кейін Мадуроның Бруклиндегі тергеу изоляторына жеткізілгені хабарланды.