Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:40, 11 Желтоқсан 2024

Трамп атақты миллиардерді АҚШ-тың Түркиядағы елшісі етіп тағайындамақшы

Трамп
Фото: Getty Images

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Американың Түркиядағы елшісі қызметіне бұрыннан әріптесі әрі жеке инвестор Томас Барракты тағайындауды ұсынды.

Трамп өзінің Truth Social бағдарламасында Калифорниялық миллиардер Баракты «саяси және іскерлік ортадағы ой көшбасшыларының кең аудиториясы үшін құрметті және тәжірибелі» деп атады.

Басылымдар Барак пен Трамп арасындағы байланыс ондаған жылдарға созылғанын жазады. 1980 жылдардан бастап Барак Трампты қолдап, оның науқандарына ақша жинады.

Оның Рональд Рейган әкімшілігі кезінде ішкі істер министрі көмекшісінің орынбасары қызметін атқарғаны, Трамптың 2016 жылғы сайлау науқанының аға кеңесшісі болғаны және 2017 жылғы инаугурацияны ұйымдастыру комитетін басқарғаны атап өтіледі.

"Алайда Барактың елші болып бекітілуінде қиындықтар болуы мүмкін. Ол Таяу Шығыстағы бизнесіне және Трамппен байланысына байланысты құқықтық мәселелерге тап болды", - делінген материалда.

Араб тілінде сөйлейтін және ливандық иммигранттардың ұлы Барак 1970 жылдары Сауд Арабиясының мемлекеттік шенеуніктерімен және кәсіпкерлерімен қарым-қатынас орнатқан. Ол сонымен қатар Сауд Арабиясы мен Гаити арасындағы дипломатиялық қатынастардың ашылуына ықпал етті және Парсы шығанағының басқа монархияларымен байланысы бар.