Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 16:49

Трамп брифингтерге инфлюенсерлер мен тиктокерлерді қатыстырады

Трамп
Фото: Brian Snyder / Reuters

АҚШ-тың жаңа президенті бұқаралық ақпарат құралдарын «халық жауы» деп үнемі сынап отырады. Ақ үйдегі екінші мерзімде ол жаңа тұлғаларға, соның ішінде инфлюенсерлер мен тиктокерлерге Ақ үйдегі баспасөз конференцияларына қатысуға рұқсат бергісі келеді.

АҚШ президенті Дональд Трамптың жаңа әкімшілігі Ақ үйде БАҚ-пен жұмыс істеу тәсілін өзгертуді көздеп отыр. Трамптың баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт Ақ үйде өткен алғашқы баспасөз мәслихатында брифингтерге кіру тек дәстүрлі БАҚ қызметкерлеріне ғана емес, сонымен қатар ТикТокерлерге, блогерлерге, подкастерлерге және басқа ұйымдардың өкілдеріне де берілетінін айтты. Егер олардың ісі «жаңалықтарға қатысты» болса, олар аккредитация ала алады.

Левитт «ескі медиа» деп атаған негізгі ақпарат құралдарының бұрынғыдай қол жетімді емес екенін атап өтті, өйткені көптеген америкалықтар қазір «жаңа медианы» қалайды.

Журналистер иық тірестірген алғашқы брифингте Трамптың баспасөз хатшысы жаңа көзқарасты көрсетті: басқалармен қатар, ол оңшыл популистік Breitbart порталының тілшісімен сәлемдесіп, оған алғашқы сұрақтардың бірін қоюға мүмкіндік берді. Левитт мұны «БАҚ-қа революциялық көзқарас» деп атады.