Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:41, 05 Қыркүйек 2025

Трамп Еуропаны Украинадағы соғысты қаржыландырып отыр деп айыптады

Трамп
Фото: ашық дереккөз

АҚШ президенті Дональд Трамп 4 қыркүйек күні Еуропа көшбасшыларымен өткен бейнеконференция барысында оларды Ресей мұнайын сатып алу арқылы Украинадағы «соғысты қаржыландырып отыр» деп айыптады.

Ол Мәскеуді бұл табыс көзінен айыруға және осы бағытта Қытайға қысым жасауға шақырды. Бұл туралы Axios басылымы мен CNN телеарнасы Ақ үйдегі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

CNN басылымының жазуынша,  Трамптың бұл мәлімдемесі Украинаны Ресейге қарсы қорғаныс соғысында қолдауды жалғастыруға ниетті бірқатар Еуропа мемлекеттері мен Украина президенті Владимир Зеленский қатысқан «еріктілер коалициясы» келіссөздері кезінде айтылған. Хабарға қарағанда, Франция президенті Эммануэль Макрон және басқа да еуропалық көшбасшылар Трамптан осы бейнеконференцияға қосылуды сұраған.

Axios журналистері еске салғандай, Украинада ауқымды соғыс басталғаннан кейін Еуропа елдері Ресейден энергия сатып алуды айтарлықтай қысқартқан. Алайда Ақ үйдегі дереккөздің айтуынша, «бір жылдың ішінде Ресей Еуропалық одаққа жанармай сату арқылы 1,1 млрд еуро табыс тапқан».

Тегтер: