Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:55

Трамп Иранға әскери соққы жасауды жоспарлап отыр

Трамп
Фото: REUTERS

АҚШ президенті Дональд Трамп ядролық келіссөздер нәтиже бермегеннен кейін Иранға қарсы әскери соққы жасау мүмкіндігін қарастырып отыр.

Мұндай шешімге Вашингтон мен Тегеран арасындағы Иранның ядролық бағдарламасы мен баллистикалық зымырандар өндірісін шектеу жөніндегі алдын ала келіссөздердің тоқырауға ұшырауы себеп болған.

Сонымен қатар АҚШ-тың USS Abraham Lincoln әуе кемесі соққы тобы Үнді мұхитына кіріп, Иранға жақындап келе жатқаны хабарланды.

Барлау қызметінің дерегінше, Иран билігі қазіргі таңда әлсіз жағдайда. Бұған өткен жылы АҚШ пен Израильдің Иранның ядролық нысандарына және оған жақын күштерге жасаған соққылары, сондай-ақ осы айдың басында басталған жаппай наразылықтар әсер еткен.