Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:47

Трамп Иранға қатысты қатаң мәлімдеме жасады

Трамп
Фото: REUTERS

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен жақын арада келісімге қол жеткізілмесе, елдің энергетикалық инфрақұрылымына соққы жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жағдайда электр станциялары, мұнай ұңғымалары және Харк аралы нысанаға алынуы ықтимал.

Трамптың сөзінше, қазіргі уақытта Вашингтон Тегеранда жаңа билікпен келіссөздер жүргізіп жатыр және белгілі бір ілгерілеу бар. Бұған дейін ол Иран АҚШ-тың делдалдар арқылы жеткізген талаптарының көп бөлігіне келіскенін айтқан еді.

Сонымен қатар 29 наурызда Financial Times-ке берген сұхбатында Трамп Иранның мұнай секторын бақылауға алу жоспары бар екенін жеткізді. Оның ішінде ел мұнайының басым бөлігі экспортталатын Харк аралын бақылау мүмкіндігі де қарастырылып отырғаны айтылды.