10:00, 02 Ақпан 2025
Трамп Канада, Мексика және Қытай тауарларына салық енгізу туралы жарлыққа қол қойды
АҚШ президенті Дональд Трамп Канада, Мексика және Қытайдан келетін тауарларға баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды.
Бұл туралы CNN жазды.
«Президент Трамп Канада АҚШ-пен есірткіге қарсы күрес және шекара қауіпсіздігі бойынша ынтымақтасқанға дейін канадалық тауарларға 25 пайыз және канадалық энергияға 10 пайыз баж салығын қояды», - делінген Ақ үйдің мәлімдемесінде.
Сондай-ақ Мексикадан келетін импортқа баж салығы 25 пайыз, Қытайдан келетін тауарларға 10 пайыз болады.
Бұйрыққа сәйкес, канадалық тауарларға баж салығы 4 ақпанда күшіне енеді. Егер тауарлар 1 ақпанда шығыс уақыты бойынша сағат 12:01-ге дейін АҚШ-қа кірер алдында порттағы кемеге тиелсе немесе соңғы көлік түрінде транзитте болса, оларға қосымша баж салығы салынбайды.