Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:22

Трамп қаржы бөлуді тоқтатқаннан кейін «Азаттық» жағдайын ЕО талқыламақ

Азаттық радиосы
Фото: из открытых источников

Чехияның Сыртқы істер министрі 17 наурызда еуропалық әріптестерімен кездесуінде Дональд Трамп әкімшілігі қаржыландырудан айырған «Азат Еуропа/Азаттық» радиосының жұмысын жалғастыру мәселесін көтереді.

Чехия үкіметі АҚШ-тың қаржыландыруынан айырылған Прагада орналасқан «Азат Еуропа/Азаттық» медиакорпорациясының болашағын Еуропалық Одақта талқылағысы келеді.

"Мұндай хабар таратуды жалғастыру Еуропаның мүддесіне сай келеді. Біздің көршімізде тоталитаризмнің гүлденбеуі біздің мүддемізде", - деді Сыртқы істер министрі Ян Липавский Чехия телеарнасында.

Оның айтуынша, ол 17 наурызда Еуроодақтың басқа елдеріндегі әріптестерімен кездесуде Азаттық радиосының жұмысын жалғастыру мәселесін көтермек. «Азаттық» радиосының Чехия үшін және Еуропа үшін нені білдіретінін саяси тұрғыдан қарастыру қажет», - деді Липавский.

Тегтер: