Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:55

Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жіберді

Трамп пен Тоқаев
Фото: Ақорда

Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Дональд Трамптан хат келген. Бұл туралы президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Хатта АҚШ басшысы ақпан айында Вашингтонда өткен бейбітшілік Кеңесі инаугурациялық отырысы аясында Қазақстан Президентімен кездесуін жоғары бағалағаны айтылған.

Сонымен қатар АҚШ Президенті алдағы уақытта біздің мемлекет басшысымен бейбітшілік Кеңесінің келесі отырысында және жылдың соңында Майамиде өтетін G20 саммитінде қайта кездесуді асыға күтетінін білдірген.