Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:15

Трамп Кеннедидің өлімі жайлы құжаттарды құпиясыздандыруды бұйырды

Трамп
Фото: Bloomberg

АҚШ президенті Дональд Трамп Джон Кеннеди, АҚШ-тың бұрынғы бас прокуроры Роберт Кеннеди және Мартин Лютер Кингтің өліміне қатысты құжаттарды құпиясыздандыру туралы жарлыққа қол қойды.

Ұлттық барлау директоры мен Бас прокурор Президенттiң Ұлттық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi көмекшiсiмен және Президенттiң кеңесшiсiмен бiрлесiп 15 күн мерзiм iшiнде Президентке қастандықты тергеуге қатысты құжаттарды толық жариялау жоспарын ұсынуы тиiс. 

Сонымен қатар, олар 45 күн ішінде Роберт Кеннеди мен Мартин Лютер Кингтің өліміне қатысты тергеу материалдарын зерттеп, оларды басып шығару жоспарын ұсынуы керек.

Үш кісі өлтіру

Джон Кеннеди 1963 жылы 22 қарашада Америка Құрама Штаттарының президенті болып сайланғаннан кейін екі жылдан соң Далласқа ресми сапары кезінде қастандықпен өлтірілді. Бұрынғы теңізші Ли Харви Освальд кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. Оны үш күннен кейін түнгі клуб иесі Джек Руби атып өлтірді, кейін ол түрмеде қайтыс болды.

Оның ағасы Роберт Кеннеди АҚШ-тың бас прокуроры (1961-1964) және Нью-Йорктен сенатор (1965-1968) болған. Ол демократ ретінде президенттікке үміткер болды және 1968 жылы 5 маусымда Лос-Анджелестегі сайлауалды митингіде атып өлтірілді. Палестиналық Сирхан  қылмыс орнында ұсталды. 1969 жылы ол өлім жазасына кесілді, бірақ кейін бұл жаза өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

1968 жылы 4 сәуірде Теннесси штатының Мемфис қаласында қара нәсілділердің азаматтық құқықтары қозғалысының жетекшісі Мартин Лютер Кинг өлтірілді. «Төрт балам бір күні терісінің түсіне емес, жеке басының еңбегіне қарай бағаланатын елде өмір сүрсе екен деп армандаймын» дегені бар. Бірнеше рет сотталған Джеймс Эрл Грей Мартин Лютер Кингті өлтіргені үшін айыпты деп танылып, 99 жылға бас бостандығынан айырылды. 1988 жылы түрмеде қайтыс болды.