Трамп: Қытай келісімге келмесе, шарттарды АҚШ өзі белгілейді

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытаймен сауда келісімі жасалса, Қытайдан әкелінетін тауарларға салынатын тарифтердің айтарлықтай төмендейтінін мәлімдеді.
Алайд тарифтер нөлге дейін түсірілмейді деп нақтылады.
Трамптың айтуынша, егер Қытай келісімге келмесе, шарттарды АҚШ өзі белгілейтін болады. Ол Бейжіңмен келіссөздерде “өте сыпайы” болатынын да айтты.
Бұған дейін Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт Трамп пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин арасындағы байланысқа қатысты нақты ақпарат бермеген. Бірақ ол АҚШ әкімшілігі Қытаймен әлеуетті келісім бойынша жұмыс істеп жатқанын және оған негіз дайындап жатқанын жеткізді.
Қазіргі кезде АҚШ Қытайдан әкелінетін тауарларға орта есеппен 145% тариф енгізсе, Қытай жауап ретінде америкалық тауарларға 125%-ға дейін салық салған.