Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 15:15

Трамп Медведевке тіліне ие болып жүруін ескертті

Трамп
Фото: БАҚ

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев әлеуметтік желіде сөзге келіп қалды.

 Бұл текетірес екі ел арасындағы қарым-қатынастың ушыға түскенін және Мәскеу мен Вашингтон арасындағы ақпараттық соғыстың жаңа кезеңге өткені туралы белгі беріп отыр.

 "Қауіпті аумаққа кіріп барасың" – Трамптың ескертуі

Truth Social желісінде жазба қалдырған Дональд Трамп Дмитрий Медведевті "сәтсіздікке ұшыраған экс-президент" деп атап, оны "сөзіне абай болуға" шақырды. Оның бұл реакциясына Медведевтің Үндістан мен Ресей арасындағы саудаға қатысты пікірлері мен Трампқа бағытталған бұрынғы сыни мәлімдемелері себеп болуы мүмкін.

"Сіздер Медведевке айтыңыздар – сөзіне абай болсын. Өте қауіпті аймаққа кіріп барады", – деп жазды Трамп.

Сондай-ақ, ол Ресей мен Үндістанның экономикасын "өлі экономика" деп атады.

 Медведевтің жауабы: "Ресей дұрыс жолда"

Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Трамптың мәлімдемесіне жауап беріп, оны "жүйкесі сыр берген" деп бағалады.

"Егер Ресейдің бұрынғы президентінің бірер сөзі АҚШ  басшысын осыншалық мазасыздандырса, демек біз дұрыс жолдамыз", – деді Медведев.

 "Мертвая рука" – ядролық қауіптің көлеңкесі

Медведев меңзеген «Периметр» жүйесі немесе «Мертвая рука» — Ресей аумағына ядролық соққы жасалған жағдайда, ел басшылығы жойылса да, автоматты түрде қарсы шабуыл жасауға арналған жүйе. Бұл жүйенің бар-жоғы туралы талас көп болғанымен, Ресей Ракеталық стратегиялық күштерінің бұрынғы өкілдері оның әлі де жұмыс істейтінін мәлімдеген.

Сөз текетіресінің себебі

Дональд Трамп жуырда Үндістанға қатысты жаңа 25 пайыздық импорттық баж салығын жариялап, бұл елдің Ресеймен тығыз сауда қатынасын сынады. Ал бұған дейін ол Ресейге Украинамен келісімге келу үшін 10 күн уақыт беретінін айтып, егер бұл орындалмаса, жаңа санкциялар енгізілетінін ескерткен.

Медведев бұл ультиматумдарға жауап ретінде:

"Сіздер де, Трамп та бізге келіссөз қашан жүргізу керегін бұйыра алмайсыздар. Біздің әскери мақсаттар толық орындалғанда ғана келіссөз болады", – деп жауап қайтарды.