Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:52

Трамп Пентагонға белгісіз ұшатын нысандар туралы құжаттарды жариялауды тапсырды

Трамп пен НЛО
Фото: ЖИ / Жас Алаш

АҚШ Президенті Дональд Трамп белгісіз ұшатын нысандарға (БҰН) және мүмкіншіктейше өмірге қатысты құжаттарды жариялауды үкіметке тапсыратынын мәлімдеді.  

Бұл шешім Трамп журналистердің бұрынғы АҚШ Президенті Барак Обаманың «Жерден тыс өмір шынайы болуы мүмкін» деген сөздеріне қатысты пікір сұрауынан кейін қабылданды.

Трамп әлеуметтік желісіндегі жазбасында: «Үлкен қызығушылық туындағанын ескере отырып, мен соғыс министрі Пит Хегсетке және тиісті департаменттер мен агенттіктерге инопланеталық және Жерден тыс өмір, белгісіз әуе құбылыстары және белгісіз ұшатын нысандар (БҰН) бойынша үкімет құжаттарын анықтау және жариялау процесін бастауға тапсырамын», – деп жазды.

Ал Обама Брайан Тайлер Коэн жүргізетін подкастқа берген сұхбатында: «Олар бар, бірақ мен көрген емеспін және олар «51-зонада» ұсталып отырған жоқ», – деп мәлімдеген. Обама бұл сөздерінде америкалық әскери базаның кейбір құпия бөлігін меңзегенін атап өтті, бірақ ешқандай нақты байланыс немесе бақылау жоқ екенін жеткізген.

Соңғы жылдары АҚШ-та белгісіз ұшатын нысандар және олардың Жерден тыс өмірмен байланысы белсенді талқылануда. 2017 жылы Пентагон құпия бағдарламасына миллиондаған доллар жұмсағаны анықталды, ал 2024 жылы жарияланған көлемді есепте ешқандай дәлелдер табылмағаны айтылған.

Тегтер: