Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:05

Трамп: Путин бейбітшілікті қалайды, ал келісімге Зеленский кедергі келтіріп отыр

Путин мен Трамп
Фото: Contributor / Getty Images

АҚШ президенті Доналд Трамп Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған бейбіт келісімге Мәскеу емес, Киев кедергі келтіріп отыр деп мәлімдеді.

Бұл туралы ол Reuters агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Трамптың пікірінше, Ресей президенті Владимир Путин соғысты аяқтауға дайын, ал Украина келісімге «анағұрлым дайын емес». 

АҚШ басшысынан «Неліктен АҚШ жетекшілік ететін келіссөздер Екінші дүниежүзілік соғыстан бері Еуропадағы ең ірі қақтығысты шеше алмай отыр?» деп сұралғанда, Трамп қысқа ғана: «Зеленский» деп жауап берген. Алайда ол бұл уәжін нақтылап түсіндірмеді.

Сонымен бірге, Reuters агенттігі 2025 жылдың желтоқсанында дереккөздерге сілтеме жасап хабарлағандай, АҚШ барлау қызметінің бағалауынша, Владимир Путин көпшілік алдындағы мәлімдемелеріне қарамастан, Украина аумағына толық бақылау орнатуға ұмтылуын жалғастырып отыр. Бұл тұжырымдар Еуропа арнайы қызметтерінің бағаларымен де сәйкес келеді.