Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:10

Трамп: «Путин келісім жасауды және бейбітшілікті қалайды»

Путин мен Трамп
Фото: ашық дереккөз

АҚШ президенті Дональд Трамп Стивен Уиткофф пен Джаред Кушнердің Мәскеуде Владимир Путин және оның кеңесшілерімен өткізген кездесуін «өте жақсы» және «айтарлықтай сәтті» деп бағалады.

 Сонымен қатар, ол әзірге келіссөздер нәтижесі қандай болатынын айту қиын екенін мәлімдеді.

3 желтоқсан күні Ақ үйде журналистердің сұрақтарына жауап берген Дональд Трамп, өзінің арнайы өкілдері Уиткофф пен Кушнердің алдыңғы күні Мәскеуде Ресей президентімен өткен келіссөздері нәтижелі болғанын айтты.

«Менің ойымша, олар кеше президент Путинмен өте жақсы кездесу өткізді. Бұдан қандай нәтиже шығатынын әзірге айта алмаймын. Бірақ біз олармен өте жақсы жұмыс істеп жатырмыз», - деді ол AFP тілшісінің сұрағына жауап беріп.

«Путин келісім жасап, соғысты тоқтатқысы келеді»

Трамптың айтуынша, телефон арқылы сөйлескен Уиткофф пен Кушнер Путиннің «келісімге келуді», «соғысқа нүкте қоюды» және «бейбіт өмірге оралуды» қалауы туралы мәлімет алған.

Украина жағы АҚШ-тың бейбіт жоспарлына «жақсырақ» қарай бастады

Украина мәселесіне тоқталған Трамп Киев өкілдерінің АҚШ ұсынған бейбіт жоспарға қатысты «біршама жақсы» көзқарас танытып отырғанын айтты.

Ол ақпан айында Ақ үйде Зеленскиймен кездесу кезінде «Сіздердің қолдарыңызда көзір жоқ» деп ескерткенін еске салды,

4 желтоқсанда Майамиде АҚШ-Украина келіссөзі өтеді

Associated Press агенттігі АҚШ әкімшілігіндегі жоғары лауазымды дереккөзге сүйене отырып, Уиткофф пен Кушнердің украиналық делегациямен келесі кездесуі 4 желтоқсанда Майамиде өтетінін хабарлады. Украина делегациясына Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров жетекшілік етеді.

Украина президенті Зеленский де келіссөздердің жалғасатынын растады. 3 желтоқсандағы кешкі үндеуінде ол:

«Жақын күндері АҚШ пен Украинаның кездесулері, байланыстары, келіссөздері туралы жаңалықтар болады. Қазір барлығы жеткілікті тиімді өтуде – Женева мен Флоридадағы кездесулерде Украина ұсынысы тыңдалды. Бұл өте маңызды. Алдағы уақытта да осылай болады деп үміттенеміз», - деді.