Трамп Путинді Мәскеуге соққы жасаймын деп қорқытты - WSJ
«Мен: Владимир, егер сен Украинаға шабуыл жасасаң, мен саған қатты соққы беремін, тіпті сенбейсің, мен Мәскеудің дәл ортасына соққы жасаймын. Біз доспыз, мен мұны істегім келмейді, бірақ менде басқа амал жоқ дедім», - дейді Трамп сұхбатында.
Трамптың сөзіне қарағанда, Путин «No way» «Мүмкін емес» («Бұл мүмкін емес», немесе «Жоқ, жоқ» деп аударуға болады) деген сөзбен жауап берген.
Трамп Путинмен сұхбатының қашан және қандай жағдайда болғанын нақтыламады. Ол Ресей президентімен, сондай-ақ Қытай басшысы Си Цзиньпинмен «өте жақсы қарым-қатынаста» екенін айтты. Си Цзиньпин де, Владимир Путин де, Трамптың айтуынша, оның «жынды екенін» («fucking crazy») біледі.
Дональд Трамп тамыз айында кәсіпкер Илон Маскпен сұхбатында АҚШ президенті қызметін атқара жүріп Владимир Путинге Ресей Украинаға шабуыл жасаса, «жаман күндер келеді» деп ескерткенін айтты. Трамптың айтуынша, бұл оның Путинмен соңғы рет сөйлесуі.
Ал, Кремль Дональд Трамптың cөзін АҚШ-тағы сайлау науқаны кезінде айтылған эмоционалды мәлімдеме деп бағалады.
«Білесіз бе, біз жоғары деңгейде өтіп жатқан сұхбаттардың мазмұнын жария етпеу тұрғысынан өте жауапты ұстаным болу керек деп ойлаймыз. Өкінішке орай, бірқатар әлемдік көшбасшылар бұл ұстанымды ұстанбайды және сақтамайды. Бұл жағдайда «гигиена» бірінші кезектегі нәрсе. Екіншіден, қазір Америка Құрама Штаттарында сайлау науқаны аясында көптеген қызу және өте эмоционалды мәлімдемелер бар, аталған жағдайға қатысты да солай айта аламыз», - деді Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.