10:09, 17 Наурыз 2025
Трамп Путинмен телефон арқылы сөйлесетінін хабарлады

АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізетінін айтты
Трамп бұл туралы жексенбі күні кешке Флоридадан Вашингтонға қайтып келе жатқан Air Force One бортында журналистер алдында сөйлеген кезде айтты.
«Бізде жариялайтын бірдеңе бар ма, жоқ па, соны сейсенбіге қарай көреміз», - деді Трамп Ресейдің Украинадағы соғысын тоқтату мақсатында жерді, электр станцияларын және басқа да активтерді бөлу мүмкіндігі талқыланып жатқанымен бөлісті.