Трамп Қытайдағы америкалық компанияларды елге шақырды

24.08.2019, 20:00

86

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдағы америкалық компанияларды елге қайтуға шақырды. АҚШ пен Қытай арасында сауда тартысы қызып тұрған шақта Трамп «америкалық ірі компаниялар тез арада Қытайды алмастыратын басқа жол іздеуді бұйырамын. Елге оралып, өнімдері АҚШ-та өндірсін» деп жазды Twitter парақшасында.

Заң тұрғысынан алғанда, АҚШ президенті америкалық компанияларды Қытайдан кетуге итермелей алмайды. Трамп Қытайдағы АҚШ компанияларын елге қалай қайтаратынын түсіндірген жоқ.

Трамп өз сөзінде жалпы құны 550 миллиард доллар болатын Қытай тауарларына бес пайыздық баж салығын енгізетінін айтты. Бұған дейін Пекин жалпы бағасы 75 доллар болатын АҚШ тауарларына 5-10 пайыз баж салығын енгізетінін жариялаған.

Трамптың твитінен кейін америкалық екі қаржы индексі — Down Jones и S&P 500 – екі пайызға түсіп кетті. Өндірісінің негізгі бөлігі Қытайда орналасқан Apple компаниясының акциясы төрт пайызға, American Express, Caterpillar, Nike және Microsoft акциясы үш пайызға төмендеді. АҚШ сауда палатасы Пекин мен Вашингтонды келіссөз жүргізіп, сауда мәселесін шешуге шақырды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Даниалдар «дань» төлемейді!
    30.09.2022, 08:34
  • Билік халыққа жау ма?!
    30.09.2022, 08:50
  • «Қуантыров қуантпайды, Пірматовтан пайда жоқ...»
    30.09.2022, 08:49
  • Тоны тозған қазақтың – тойы бітпес
    30.09.2022, 08:48
  • Әй, Әлихан, ер жігіттің екі сөйлегені өлгені!..
    29.09.2022, 08:37