Трамп: Ресейді G7 құрамына қайтарған жөн

21.08.2019, 20:00

148

АҚШ президенті Дональд Трамп 20 тамызда өткен брифингте Ресейді "Үлкен жетілік" (G7) құрамына қайтару «орынды болады» деген пікір айтты. Әлемнің дамыған елдерін біріктіретін бұл топта АҚШ, Германия, Жапония, Италия, Канада, Ұлыбритания және Франция бар. Бұрын G7 құрамында болған Ресей 2014 жылы Қырым түбегін аннексиялағаннан кейін оның бұл топқа мүшелігі тоқтатылған.

«Менің ойымша, бұл „Үлкен сегіздік“ болғаны жөн, өйткені біз талқылайтын мәселелердің көбі Ресейге де қатысты» деген Трамп.

Трамп Ресейді топ қатарына қайтару қажеттігі туралы бұған дейін де бірнеше рет айтқан. 2018 жылы Канадада "үлкен жетілік" саммиті өтер алдында Мәскеуге жиынға қатысу туралы ұсыныс жасаған. Ол кезде Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің басқа форматтағы кездесулерге ықыласты екенін мәлімдеген. Алайда арада екі күн өткенде Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу бұл жиынды Ресейде өткізуге әзір екенін айтқан болатын. АҚШ-тың белгілі саясаткерлері Трамптың ұсынысын сынаған. Германия канцлері Ангела Меркель Кремль Украинаның шығысындағы дағдарысты реттеуге қатысты міндеттемелерін орындамағандықтан Ресейді саммит қатарына қайта қабылдауға әлі ерте деп мәлімдеген.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Әлемде экономикасы мен қаржы көлемі бойынша алдыңғы орындарда болмаса да Ресей 1997 жылы G7 тобына сол кездегі АҚШ президенті Билл Клинтон мен Ұлыбритания премьер-министрі Тони Блэрдің ұсынысы бойынша қабылданған. Мұндай ұсыныс Ресейді демократиялық институттар мен нарық экономикасын дамытуға ынталандыру мақсатында жасалған. Ал 2014 жылы Мәскеудің Қырымды аннексиялап алуына байланысты Батыс елдері алғашқы санкциялардың бірі ретінде Ресейдің G8 тобына мүшелігін тоқтатуды ұйғарған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Даниалдар «дань» төлемейді!
    30.09.2022, 08:34
  • Билік халыққа жау ма?!
    30.09.2022, 08:50
  • «Қуантыров қуантпайды, Пірматовтан пайда жоқ...»
    30.09.2022, 08:49
  • Тоны тозған қазақтың – тойы бітпес
    30.09.2022, 08:48
  • Әй, Әлихан, ер жігіттің екі сөйлегені өлгені!..
    29.09.2022, 08:37