Трамп Ресей банктеріне салынған санкциялардың мерзімін ұзартпады

АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік ірі банктерге, Ұлттық клиринг орталығына және Ресейдің Орталық банкіне қатысты энергетикалық төлемдерге қатысты санкцияларды уақытша тоқтату шешімін ұзартпады.
Бұл шешім Украинадағы бейбіт келіссөздер аясында қабылданған.
Бұрынғы АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі 10 қаңтарда Ресейдің энергетикалық секторына қатаң санкциялар енгізген болатын. 12 наурызға дейін жарамды болған ерекше лицензия Внешэкономбанк, Сбербанк, "Открытие" банкі, ВТБ, Совкомбанк, Альфа-банк, Росбанк, "Зенит" банкі, "Санкт-Петербург" банкі және Ресей Банкінің құрылымдары арқылы төлемдер жүргізуге мүмкіндік берді.
Fox News журналисі Эдвард Лоуренстің хабарлауынша, Ақ үйдегі дереккөздің мәліметіне сүйенсек, бұл шешім Ресейге Украинамен келіссөздерді жылдамдату мақсатында қысым жасау үшін қабылданған. Дегенмен, бұл ақпарат ресми түрде расталмады. АҚШ Қаржы министрлігінің дереккөзі Reuters агенттігіне санкциялық лицензияның ұзартылмағанын растады.
Бұған дейін Трамп Ресей экономикасына жаңа санкциялар енгізуге дайын екенін мәлімдеген болатын. 7 наурызда Truth әлеуметтік желісінде Трамп Ресей мен Украинаны келіссөздер үстеліне отыруға шақырды.