Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:12, 14 Ақпан 2025

Трамп Ресей және Қытаймен ядролық қаруды бақылау туралы келіссөз жүргізгісі келеді

Трамп
Фото: foxnews.com

АҚШ президенті Ресей және Қытаймен ядролық қаруды бақылау мәселесі бойынша келіссөздер жүргізуге ниетті. Трамп Путин және Си Цзиньпинмен үшжақты кездесуді қарастырып жатыр.

 Дональд Трамп Ресей және Қытаймен ядролық қаруды бақылау туралы келіссөздер жүргізгісі келеді. АҚШ президенті Ақ үйдегі кеңсесте осындай мәлімдеме жасаған.

Саясаткер үш ел де қорғаныс бюджетін екі есе қысқартуға келіседі деп үміттенеді, деп хабарлайды AP агенттігі.

Үш жақты формат

Трамп сонымен қатар Ресей және Қытай көшбасшылары Владимир Путин және Си Цзиньпинмен үшжақты кездесуді жоспарлап отыр, деп хабарлады dpa агенттігі.

Трамп тиісті форматтағы келіссөздер Таяу Шығыс пен Украинада «бәрін ретке келтіргеннен кейін» басталуы мүмкін екенін айтты.

Өзінің бірінші мерзімінде Трамп Қытайды ядролық қаруды қысқарту жөніндегі келіссөздерге тартуға тырысты, бірақ сәтсіз болды, деп жазады AP.