Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:47

Трамп Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге дайын екенін мәлімдеді

Трамп
Фото: ашық дереккөз

АҚШ президенті Ресейге қарсы санкциялардың «екінші кезеңіне» өтуге дайындығы туралы сұраққа жауап берді. Қаржы министрі Бесант та АҚШ әкімшілігінің Ресейге қысымды күшейтуге ниетті екенін айтты.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы санкцияларды күшейту ниетін мәлімдеді. Жексенбі, 7 қыркүйекте Вашингтонда журналистердің Украинаға қарсы кең ауқымды соғысына байланысты Ресейге қарсы санкциялардың «екінші фазасына» өтуге дайындығы туралы сұрағына жауап бере отырып, ол: «Иә, мен дайынмын» деді.

Трамп оның жоспарлары туралы егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.

Өз кезегінде АҚШ Қаржы министрі Скотт Бесант АҚШ пен Еуропаның қосымша экономикалық қысымы Ресей президенті Владимир Путинді Украинамен бейбіт келіссөздерді бастауға итермелеуі мүмкін деп болжады.

«Егер Америка Құрама Штаттары мен Еуроодақ Ресей мұнайын сатып алатын елдерге қатысты шара қолданып, жаңа санкциялар мен қайталама тарифтер енгізетін болса, онда Ресей экономикасы толық күйреуге ұшырайды және бұл президент Путинді келіссөз үстеліне отыруға мәжбүр етеді», - деді Бессант NBC News арнасына.

 Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің бейбіт келіссөздер өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Кейіннен кездесу орындары ретінде бірнеше қаланың атын аты аталды. Содан соң Трамп екі ел басшысының кездесуінен соң үш жақты келісім өтетінін де айтты. Зеленский "жер мәселесін Путинмен жеке кездесуде талқылаймыз" деп мәлімдеген болатын.

Кейін Путин Зеленскийді Мәскеуге шақырды, оған жауап ретінде Украина басшысы кездесуді Киевте өткізуді ұсынды.